Размер шрифта:
Қосымша білім беру ұйымдарының директорлары мен директорының орынбасарлары үшін әдістемелік күн
31-08-2023 17:42
Қосымша білім беру ұйымдарының директорлары мен директорының орынбасарлары үшін әдістемелік күн

      2023 жылдың 31 тамызында Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Қосымша білім беру ұйымдарының директорлары мен директорының орынбасарлары үшін әдістемелік күн өткізді.

          Кездесу барысында 2023-2024 оқу жылының жұмысын ұйымдастыру, 
«Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағарту жобасы жүзеге асыру бойынша, 
мектепке дейінгі, орта, ТжКБ және қосымша білім беруді интеграциялау нысандары 
мәселелері талқыланды.

Әдістемелік күн жұмысының қорытындысы бойынша әр мәселе бойынша шешімдер қабылданды.