Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 5 қыркүйекте мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының тарих және география мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысын өткізді.
Отырыс шеңберінде педагогикалық шеберлікті арттыру үшін жағдай жасау, педагогтердің әдістемелік даярлығын жетілдіру мәселелері қаралды, сондай-ақ оқу-әдістемелік орталықтың әдіскері С. К. Тулепбекова 2022-2023 оқу жылындағы тарих және география бойынша әдістемелік жұмысты және білім сапасын талдау және 2023-2024 оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктерін ұйымдастыру және әдістемелік жұмыс жоспарымен таныстырды.
Отырыста Қарағанды облысының тарих мұғалімдері қауымдастығының төрағасы Бақыт Хажымұратқызы критериалды бағалау мәселесі бойынша өзінің жұмыс тәжірибесін ұсынды.
Рефлексия қорытындысы бойынша отырыс барысында қаралған мәселелердің өзектілігі атап өтілді. 46 мұғалім қамтылды.