Размер шрифта:
Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн
07-09-2023 15:56
Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылдың қыркүйек айының 7-і күні ZOOM платформасында ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:

  • Оқыту курстарын жоспарлау
  • ИОТ және ЭББ бөлімінің шығармашылық тобының тізімін бекіту
  • Қарағанды облысының жас педагогтеріне арналған информатика пәнінен «Жас – STAR» қашықтық олимпиадасын ұйымдастыру
  • Әр-түрлі. (Білім бөлімдерінің 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын ұсынуы туралы)

Әдістемелік күнге білім бөлімдерінің әдіскерлері және мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарлары қатысты.