Размер шрифта:
1000 МЕКТЕПТІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
11-09-2023 14:09
1000 МЕКТЕПТІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының базасында «1000 мектепке әдістемелік қолдау» жобасын іске асыруға кіретін Қарағанды қаласының жиырма үш мектебінің директорларымен отырыс өткізілді.

Отырыс аясында Қарағанды қаласының білім беру ұйымдарында мектепішілік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша нұсқаулық ұсынылды, алты бөлім егжей-тегжейлі қаралды.

Отырыста Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының директоры Б.Абдикерова аналитикалық деректерге сүйене отырып, білім беру қызметтерінің сапасын арттыру міндетін шешу үшін күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен тәуекелдерін анықтау мақсатында SWOT-талдау жүргізудің орындылығына баса назар аударды.

Барлығы 26 адам қамтылды.