Білім алушыларды ерте жастан медицина мамандығына кәсіби бағдарлау, дәрігер мамандығына деген қызығушылығын арттыру жұмыстарын мектепте тиімді ұйымдастыру тетіктерін жетілдіру мақсатында Қарағанды облысында «Медицинаға қадам» бейінді медициналық сынып жобасы өз жұмысын жалғастырады.
Осыған орай, 2023 жылдың 15 қыркүйек күні ZOOM платформасында «Медицинаға қадам» бейінді медициналық сынып жобасының қалыптастырушы семинары болып өтті.
Семинарда жобаның үйлестірушісі ББД ОӘО әдіскері З.Тукбаева 2022-2023 оқу жылының қорытындысына толықтай сараптама жасап, нәтижелерін және жетістіктерін көрсетті. Келесі оқу жылының жұмыс жоспарымен таныстырды.
Шахтинск қаласы «А.Бөкейханов атындағы МЛ», Теміртау қаласы «№20 МЛ» КММ педагогтері дәрігер мамандығы бойынша құндылықтардың маңыздылығы жағынан, оның медициналық жетік білімімен пара-пар тұрғанын ұғындырып, болашақ дәрігерлерде де құндылықтарды қалыптастыру өте маңызды екенін нақты дәлелдермен түсіндіріп, «Медицинаға қадам» жобасы аясында жүргізілген іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың соңында әдістемелік өнімдерді құрастыру бойынша ұсыныстар берілді.
Семинарға 87 адам қатысты.