Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 14 қыркүйекте мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының химия және биология пәндері мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысын өткізді.
Отырыс шеңберінде педагогтердің әдістемелік даярлығын жетілдіру мәселелері қаралды, сондай-ақ оқу-әдістемелік орталықтың әдіскері З.И. Тукбаева 2022-2023 оқу жылындағы химия және биология бойынша әдістемелік жұмысты және білім сапасын талдау және 2023-2024 оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктерін ұйымдастыру және әдістемелік жұмыс жоспарымен таныстырды.
Отырыста «Критериалды бағалау-оқу үрдісіндегі басты фактор» тақырыбында Ассоциация жетекшісі Қ.С. Балапанова, оқу-әдістемелік орталықтың әдіскері А.З. Мухамедьярова «Әдістемелік өнімдерді құрастыру» бойынша ұсыныстар берді.
Рефлексия қорытындысы бойынша отырыс барысында қаралған мәселелердің өзектілігі атап өтілді. 23 мұғалім қамтылды.