2016 жылдың 4 наурызында Қарағанды тамақтану және сервис колледжінде «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2016» жобасының «Кондитер ісі» бағытындағы конкурсы өтті.
Конкурс басталмас бұрын бас сарапшы негізгі міндеттер мен жұмыс шарттарын түсіндіру мақсатында жиналыс өткізді. Аталған бағыттың бас сарапшысы ОӘБ жетекшісі Федотова Ольга Анатольевна болды.
Конкурсқа Қарағанды облысы колледждерінен 4 студент қатысты. Әр студент 6 модуль бойынша жұмыс жасады:
- Бірінші модуль – Үй жұмысы
- Екінші модуль – Моделдеу
- Үшінші модуль – Шоколад конфеттерін жасау
- Төртінші модуль – Арт – композиция
- Бесінші модуль – Миниатюралар жасау
- Алтыншы модуль – Тәтті тағам.
Конкурс аспаздық сапаларының болуы, технологиялық картаға сәйкес мәзірді құрастыра білу, тамақты дұрыс ұсыну, дәмді дайындау тәрізді негізгі өлшемдерге байланысты бағаланды.
Білікті қазылар алқасы мен жұмыс берушілер бірлесіп, конкурс талаптарын ескере отырып төмендегідей шешім қабылдады:
1 орын – Кузнецова Екатерина Олеговна "Қарағанды тамақтану және сервис колледжі", жетекшісі – Вдовина Валерия Викторовна.
2 место – Страхов Алексей Геннадьевич "Қарағанды тамақтану және сервис колледжі", жетекшісі – Вдовина Валерия Викторовна.
3 орын – Смыкова Вера Алексеевна «Теміртау сату және тамақтану колледжі», жетекшісі – Аксамит Маргарита Юрьевна.