«Информатика» пәні мұғалімдеріне арналған облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы
21-09-2023 17:07
«Информатика» пәні мұғалімдеріне арналған облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы

       2023 жылдың 21 қыркүйек  мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының информатика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысын өткізді.

Отырыс аясында келесі тақырыптар талқыланды:

1. «2022-2023 оқу жылын қорытындылау. ҚО ББД ОӘО жұмыс жоспары және жобалары» -  Сартаева Жансая Ахммедьяновна, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығы» КМҚК  электронды білім беру және оқытудың инновациялық түрлері бөлімінің  бөлім меңгерушісі.

2. «Әдістемелік құралдарды жазу бойынша ұсыныс» - Мухамедьярова Айгуль  Зейнулаевна, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығы» КМҚК  білім беру мазмұнын талдау және стратегиялық дамыту бөлімінің меңгерушісі.

3.  «2022-2023 оқу жылында «Информатика» пәнінің ерекшеліктері. Білім сапасы, облыстық әдістемелік бірлестігінің 2023-2024 оқу жылына жұмыс жоспары» -  Какенбекова Анел Асылановна, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығы» КМҚК  электронды білім беру және оқытудың инновациялық түрлері бөлімінің әдіскері.