Размер шрифта:
«Оқырман отбасы» байқауы бойынша әдістемелік күн
22-09-2023 18:01
«Оқырман отбасы» байқауы бойынша әдістемелік күн

      2023 жылдың 22 қыркүйегінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Оқырман отбасы» байқауы бойынша әдістемелік күн өткізілді.

Республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы облыстық «Бір отбасы-бір кітап» акциясына, акция аясындағы байқауға қатысып, жақсы нәтиже көрсетіп жүрген Қарқаралы ауданы бойынша әдіскер Д.Е.Калиясова, «М.Бәпиұлы атындағы №44 ЖББ ТМ (РО) ЖИ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Исина Гүлден Асылханқызы, «Бесоба ауылындағы ЖББ №8 тірек мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Какенова Инкар Мугдияровна; Бұқар жырау ауданы бойынша әдіскер М.Т. Қанатбаева, Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баяхметова Салқын Жақсылыковналар өз тәжірибелерімен бөлісті, акция бойынша 3 жылдық жұмыстарына талдау жасады. Бұқар жырау ауданынан «Оқырман отбасы» байқауының бірінші жартыжылдығындағы облыстық кезеңнің жеңімпазы «Сәлімгерей отбасының»  анасы  Бейболова Бахыт Ахметовна әдістемелік күнге қатысып, жалпы акция жайында, кітап оқу, отбасылық кітап оқу мәселелері бойынша ой бөлісті.   

«Бір отбасы-бір кітап» акциясына, акция аясындағы байқауға жауапты әдіскер Г.Б.Жаркеева 2022 жылғы байқау бойынша талдау жасап, қиындықтар мен кемшіліктерді айтып өтті, бірнеше ұсыныстар берді, сонымен қатар, 2023 жыл өткізілетін байқау ережесімен таныстырып өтті.

Әдістемелік күнге 100-ге жуық педагогтер қатысты.