2016 жылдың 4 наурызында балалар үйлерінің және арнайы түзету мектептерінің мұғалімдеріне арналған семинар – жиналыс өтті.
2015-2017 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының тәжірибесін Астана, Алматы аймағына тарату және Жол картасының орындалуы барысында, Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында 2016 жылдың 4 наурызында балалар үйлерінің және арнайы түзету мектептерінің мұғалімдеріне арналған семинар – жиналыс өтті.
Көктемгі демалыс кезінде балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен арнайы түзету мектептерінің оқушыларына арналған кәсіби сынама жұмыстарын өткізу жоспарлануда. Осыған байланысты қатысушылар кәсіби сынама өткізудің ұйымдастырушылық жағын талдады.
Семинарға балалар үйлері және арнайы түзету мектептерінен 17 мұғалім қатысты.