Размер шрифта:
Инженерлік сала бойынша педагогтер арасындағы кәсіби шеберліктің өңірлік конкурсы
28-09-2023 13:58
Инженерлік сала  бойынша  педагогтер арасындағы   кәсіби шеберліктің өңірлік  конкурсы

      2023 жылдың 28  қазанында Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды машина жасау колледжімен   бірлесіп,  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы   инженерлік сала  бойынша кәсіби шеберліктің өңірлік  конкурсын өткізді.

Байқаудың мақсаты - инженерліксала бойынша ТжКОБ  ұйымдарының талантты, дарынды,  шығармашылық педагогтерін  анықтау және  қолдау.

Байқау бірнеше кезеңде өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті.

Байқауға 4 педагог қатысты. Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

1 орын - Жумасейтов Нурдаулет Жумабаевич, «Қарағанды машина жасау колледжі» КММ оқытушысы;

        2 орын  - Нуржигитов Ербол Саматулы,     «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі»  ЖММ  оқытушысы;

3 орын - Жексенбеков Ерлан Тлеукенович, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ инновациялық технологиялар колледжі  оқытушысы.

Өңірліккезеңде  орын алған конкурсант  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы инженерліксала бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсына қатысуға құқылы.

Қатысушылар  Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды.