2023 жылдың 22 қыркүйегінде «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК жетекшілігімен, «Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК ұйымдастыруымен үштілділік апталығы аясында ақын, жазушы, аудармашы, тарихшы, композитор, философ Абайдың реалистік әдебиет үлгісін жалғастырушы Шәкәрім Құдайбердіұлының 165жылдығына арналған «Тіл-қазына» республикалық дөңгелек үстелі өтті.Ашық диалогке негізделген дөңгелек үстелге техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары, мұражай қызметкерлері, тіл мамандары, кітапханашылар қатысты. Іс-шараға Шәкәрім Құдайбердіұлының әлемін зерттеуші танымал тұлғалар қатысты. Атап айтқанда, Шәкәрімтанушы, Семей қаласындағы «Шәкәрімтану» зерттеу орталығының негізін салушы, филология ғылымдарының докторы, ардагер-ұстаз Ізтілеуова Салтанат Далбайқызы, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті «Абай және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, филология ғылымдарының кандидатыСмағұлова Ақмарал Төлеуғазықызы,Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік мұражай-қорығының аға ғылыми қызметкері, Семей қаласының Шәкәрім атындағыуниверситетінің оқытушысыҚиықбай Қуат сынды белгілі тұлғалар тың ақпараттармен бөлісіп, зерделі зерттеулерін қатысушылар назарына ұсынды.«Қарағанды қаласының білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы мектеп-гимназиясы» КММдиректорыАхметова Аягүл Нұрабайқызы Шәкәрім шығармашылығының құндылығын жайында пікір білдіріп, гимназия жанынан құрылған «Шәкәрім Құдайбердіұлы мұражайының» жетекшісі Сүлейменов Асылбек Мұратұлы мектеп мұражайына виртуалды саяхат жасады.
Республикамыздың түпкір-түпкірінен Астана, Семей, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Өскемен облыс колледж ұстаздары Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани мұрасын сан қырынан ашуға ат салыса отырып, тәжірибелік жұмыстардын қатысушылар назарына ұсынды.
Тағылымды шара «Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК оқытушылары Базарова Л.Е., Бекбергенов Ә.И. және «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы Баймолдина А.С сөздерімен қорытындыланып, Шәкірім Құрайбердіұлының «Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек» әнімен түйінделді.