Размер шрифта:
Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!
06-10-2023 11:29
Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!

      2023 жылдың 06 қазанында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «JAŃASHYL USTAZ» жас педагогтер зертханасында аға буын өкілдері ұлағатты ұстаздармен кездесу өткізді.

Кездесуді жүргізудің тізгінін әдістемелік орталықтың директоры Бакиткул Химальдиновна және Қарағанды қаласы «Абай атындағы мектеп-гимназиясы» КММ жас педагогі Кәкім Райымбек Маратұлы алды.

Кездесу барысында жас педагогтер көкейлерінде жүрген сауалдарын ардагер ұстаздарға қойып, педагогикалық жолдағы тағылымды, өнегеге толы ақыл-кеңестер тыңдады.