«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2016» жобасының «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмысы» бағытындағы конкурсы
09-03-2016 11:31
 «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2016» жобасының «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмысы» бағытындағы конкурсы

2016 жылдың 9 наурызында Қарағанды технико-құрылыс колледжінде «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN – 2016» жобасының «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмысы» бағытындағы конкурсы өтті.

Конкурс басталмас бұрын бас сарапшы,«Құрылыс және коммуналды шаруашылық» бағытының ОӘБ бойынша жетекшісі Сучилина Татьяна Петровна негізгі міндеттер мен жұмыс шарттарын түсіндіру мақсатында жиналыс өткізді.Конкурсқа Қарағанды облысы колледждерінен өтініш білдірген 13 студенттің 12 қатысты. Әр студент  конкурстың бірінші күні 1 және 2 модулдердің тапсырмаларын орындады.

Чемпионат аясында жалпы саны 121 оқушыны құраған кәсіби сынама өткізілді:

- № 4 -13 оқушы;

- № 16 – 24 оқушы;

- № 101 – 43 оқушы;

- № 27 – 41 оқушы.

            Оқушыларға арналған кәсіби сынамалар келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

   - «Шебер мен өнер» шеберханасында қыш пен қағаздан ұлттық ою-өрнектер жасалынды.

   - «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша «Геодезия», «Құрылыс-жол машиналары» кәсіби сынамалары арнайы кабинеттерде өткізілді. Сонымен қатар «ЗD моделдеу», «Декоративті сылақ жұмысы» тәрізді бағдарламалар көрсетілді.