Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 13 қазанында облыстың шет тілдер пәні мұғалімдері және шетел тілі пәніне жетекшілік ететін қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін Қарағанды облысы шетел тілі пәні бойынша Ассоциация жоспарына сәйкес «Ағылшын тілі пәні бірлестігігінің әдістемелік жұмысын ұйымдастырудағы Lesson Study сабақты зерттеу әдісінің маңызы тақырыбында семинар өткізді.
«Ш.Уалиханов атындағы мектеп-лицей»КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі Яремкив Елена Дмитриевна «Lesson Study» технологиясын Абай ауданы ағылшын тілі әдістемелік бірлестік жұмысы тәжірбиесімен бөліссе, «Ш.Уалиханов атындағы мектеп-лицей»КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі Шарипова Лилия Халитовна «Lesson Study» сабақты зерттеу барысында ағылшын тілі сабағында топтық жұмыстың маңызы туралы тәжірбиесімен бөлісті, «Жараспай ЖББМ»КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі Воробьева Радислава Михайловна функционалдық сауаттылықты дамытуда шағын мәтіндерді қолдану бойынша тәжірбиесімен бөлісті.
Семинар сабақты зерттеу бойынша кері байланыстар, ұсынымдар беріліп қортындылаумен аяқталды.