Химия пәнінен олимпиадалық есептерді шешу
Қарағанды облысының оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 12 қазанда «Химия пәнінен олимпиадалық есептерді шешу» тақырыбында шеберлік сынып өткізді.
Шебер сыныпта Теміртау қаласының химия пәнінің мұғалімдері қатысушыларға физикалық және химиялық қасиеттер бойынша белгісіз заттарды анықтауға, органикалық заттың формуласын, қоспаға арналған олимпиадалық есептерді шешудің әртүрлі тәсілдерімен таныстырды.
Қатысушылар саны: 100 мұғалім.