Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 16 қазанында облыстық «Педагогикалық сынып» жобасына енген 60 мектепке «Педагогикалық сынып» жобасы арқылы кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында іс тәжірбиені тарату бойынша семинар өтті.
Еркен И.Е., «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей интернаты» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары «Мұғалім болу – мақтаныш» жобасы бойынша тәжірбиесімен бөліссе, Беркумбаева М.В., Теміртау қаласы «№20 мектеп лицей» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары «Білім алушыларды педагог мамандығына кәсіби бағдарлау» тақырыбы бойынша биылғы оқу жылында жобаға енді енген мектеп ретінде алдыңғы оқу жылына арналған жоспарымен бөлісті. Муфталова А.К., «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары жобаны жүзеге асырудағы колледж мүмкіндіктері туралы ой бөлісті.
Барикова А.Р., Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің қабылдау комиссиясының хатшысы педагогикалық мамандыққа сұраныс бойынша сараптамалық анықтама бере отырып, білім гранттары және мамандықтардың ішіндегі сұранысқа ие педагогикалық мамандықтардың рейтингісін көрсетті, сондай ақ талапкерлер арасында қызығушылықтың бар екендігін де атап өтті.
Семинар сабақты зерттеу бойынша кері байланыстар, ұсынымдар беріліп қортындылаумен аяқталды.