Размер шрифта:
Кітапханашылар күніне орай «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Шет ауданының мектеп кітапханасы жұмысында қолданылатын әдіс-тәсілдер» тақыбындағы вебинар
17-10-2023 16:44
Кітапханашылар күніне орай «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Шет ауданының мектеп кітапханасы жұмысында қолданылатын  әдіс-тәсілдер» тақыбындағы вебинар

      2023 жылдың 17 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы білім беру ұйымдарының кітапханашыларына арналған «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Шет ауданының мектеп кітапханасы жұмысында қолданылатын әдіс-тәсілдер» тақырыбында вебинар өткізді.

      Вебинарға Жакина Асем Несипхановна, «Шет ауданы білім бөлімі» ММ әдіскері,Игликова Толқын Куанышевна, «Ә.Ермеков атындағы тірек мектеп (РО) жанындағы интернат» КММ кітапхана меңгерушісі,Бейсембекова Самал Толеухановна, «Мойынты жалпы білім беретін мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі спикер ретінде қатысып, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ауданда атқарылып жатқан жұмыстар, кітапхана жұмысында қолданылатын әдіс-тәсілдер, жаңа үлгідегі мектеп кітапханасы мәселелері бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.