«ЖАС ЗАҢГЕР» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылдың 16 қазанында ZOOM платформасында онлайн тәртібінде «Құқық негіздері» пәнінің мұғалімдеріне «Жас заңгер » жобасын жүзеге асыру аясында нетворкинг өткізді.
Қарағанды қ. «№95 Гимназия» КММ директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары И.Н. Назырова «Жас заңгер» жобасын жүзеге асыру бойынша өзінің еңбек тәжірибесін жинақтады. Нетворкинг қатысушыларына құқықтық білімді, заманауи құқықтық құндылықтарды меңгеруге және оқушылардың құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған құқықтық білім мен тәрбие берудің әдістемелік тәсілдері ұсынылды.
100 педагог қамтылды.