Размер шрифта:
«Музей-педагогикалық қызметінде ойын стратегиялары» шеберлік сабақ
18-10-2023 16:31
«Музей-педагогикалық қызметінде ойын стратегиялары»  шеберлік сабақ

      2023 жылдың 18 қазанында  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы қалалық және аудандық білім бөлімдерінің музей жұмыстарына жетекшілік ететін әдіскерлер, білім беру ұйымдары директорлардың тәрбие істері жөніндегі орынбасарлары мен музейге жауапты педагогтерге  шеберлік сабағын өткізді.

       Шеберлік сабақта Лось Татьяна Николаевна Балқаш қаласындағы

 «№1 ЖБММ» КММ мектебінің даңқ және тарих музейінің жетекшісі;Кузнецова Ольга Александровна  Приозерск қаласындағы «№2 ЖББМ» КММдиректордың тәрбие жөніндегі орынбасары;Савушкина Марина ВладимировнаОсакаров ауданындағы «№3 ЖББМ» КММ технология пәнінің мұғалімі спикер ретінде қатысып, музей-педагогикалық қызметіндегі ойын стратегияларымен және  әртүрлі интернет платформаларда жұмыс істеу әдістерімен  таныстырып, жас ұрпаққа рухани-патриоттық тәрбие беру мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.