«LESSON STUDY (САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ) МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТИІМДІ ҮЗДІКСІЗ ТӘРБИЕЛЕУ МҮМКІНДІГІ»
18-10-2023 14:51
«LESSON STUDY (САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ) МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТИІМДІ ҮЗДІКСІЗ ТӘРБИЕЛЕУ МҮМКІНДІГІ»

      Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылы 18 қазанда ZOOM платформасында онлайн режимде «Lesson Study (Сабақты зерттеу) мұғалімдердің өзін-өзі тиімді үздіксіз тәрбиелеу мүмкіндігі» тақырыбында нетворкинг өткізді.

Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей интернаты КММ-нің жас педагогтары Тапенова А.С., Тарыбаева А.Қ., Тұтқыш А.Ж. мұғалімдік тәжірибедегі білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекетті зерттеудің ерекше формасы болып табылатын педагогикалық тәсілді ұсынды.

Lesson Study бойынша бірігіп сабақты жоспарлап, өткізетін, бақылау мен талқылауды жүргізетін, өз қорытындыларын құжатқа негіздеп жазатын мұғалімдер тобының жұмысы көрсетілді. Lesson Study циклын өткізу барысында нетворкинг қатысуышларына жаңашыл әдіс-тәсілдер ұсынылды.

Нетворкинг 100 педагогты қамтыды.