Діни экстремизмнің алдын алу бойынша «Ерекшеліктер әлемі» облыстық дистанционды үздік видеоролик байқауының қорытындысы
10-03-2016 10:42
Діни экстремизмнің алдын алу бойынша  «Ерекшеліктер әлемі» облыстық дистанционды үздік видеоролик байқауының қорытындысы

    Сайыс материалдары 2015 жылдың 10 желтоқсанынан 2016 жылдың 25 ақпанына дейін қабылданды. Сайысқа Қарағанды облысының 11 аймағынан (Саран, Шахтинск, Қарағанды, Қаражал, Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев қалалары, Шет, Осакаровка, Қарқаралы, Нұра аудандары) 46 жұмыс ұсынылды.

    Байқау жұмыстарын бағалау негізгі критерийлер бойынша жүзеге асырылды: шығармашылық материалының түрі мен мазмұнының байқау тақырыбына сәйкестігі, тақырыпты ашу дәрежесі, жалпы эмоционалдық қабылдау. 

    Барлық қатысушыларға осы сайысқа қатысуға білдірген ынталарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз! Бұдан әрі де шығармашылықпен бірлесе жұмыс жасаймыз деген сенімдеміз.

Құрметті әріптестер! Дипломдар мен Алғыс хаттарды 2016 жылдың              16 наурызынан бастап ҚО ББД ОӘО, №204 кабинеттен  алуларыңызға болады.

Діни экстремизмнің алдын алу бойынша «Ерекшеліктер әлемі» облыстық дистанционды үздік видеоролик байқауының жеңімпаздары

I орынТ.В.Чернова Осакаровка ауданы «Пионерское с. №3 ОМ» КММ; А.Б. Жабаев, А.К. Жолдаспаева Сәтбаев қаласы «С.Сейфуллин ат. гимназия» КММ;

ІІ орынК.В. Шафикова Балқаш қаласы «М.Горький ат. №1 ЖББОМ» КММ;

ІІІ орынА.К. Мейрамбеков Қарағанды қаласы«№8 ЖББОМ» КММ; В.С.Мещеряков Қарағанды қаласы«№23 ЖББОМ» КММ; Серуен Ж. Жезқазған қаласы «№11 ОМ» КММ.

Алғыс хаттармен марапатталады:Ф.Д. Балабиева Осакаровка ауданы«Осакаровка кентінің №9 гимназиясы базасындағы тірек метебі (ресурстық орталығы)» КММ; Г.С. Ибрайбекова, Б.Н. Рысжанов Нұра ауданы«Киевка селосының №3 ЖББОМ тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ; Р.Ш. Тельгузинова Қарағанды қаласы «№17 ЖББОМ» КММ;          Д.У. Әсілхан Қарағанды қаласы «№3 гимназия» КММ; М.В. Бут Саран қаласы «№13 ЖББОМ» КММ.