Размер шрифта:
«Мұзафар Әлімбаев – балалар әдебиетінің классигі» тақырыбында облыстық фестиваль
18-10-2023 16:03
«Мұзафар Әлімбаев – балалар әдебиетінің классигі» тақырыбында облыстық фестиваль

      Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 18 қазанда Балқаш қаласы  «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ базасында  балалар әдебиетінің мұзбалағы, ақын, сан қырлы талант иесі М. Әлімбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Мұзафар Әлімбаев – балалар әдебиетінің классигі» тақырыбында облыстық фестиваль өтті.     Фестивальға Балқаш қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті, Ақтоғай ауданы Шашубай кенті мектеп интераты (ТМ), «Зияткер» мамандандырылған мектеп-интернаттарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Фестиваль аталған мектептің «Назқоңыр» күйшілер ансамблінің орындауындағы күймен басталып, бастауыш сынып оқушыларының ақын шығармашылығынан сыр шертер жыр-базарлықтарымен жалғасты.  Ақын шығармашылығына арналған тақырыптық көрме де көпшілік көңілінен  шықты.

Фестиваль барысында  Балқаш қаласы білім беру ұйымдарының Абай атындағы №2 мектеп-лицейі, С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы,  Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі, Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебі, Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі,  №24 мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ақын мұрасын насихаттау және озық тәжірибені тарату мақсатында Н.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясына, оқу сауаттылығына негізделген ашық сабақтар мен шеберлік сыныптары өткізілді.

Сонымен қатар Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебінің, №9 жалпы білім беретін мектебінің, №1 жалпы білім беретін мектебінің, Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебінің, №10 жалпы білім беретін мектебінің, №5 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің  әр түрлі форматтағы сыныптан тыс іс-шараларымен жалғасты. 

Тың идеяларға толы және мұғалімдердің кәсіби өсуіне бағытталған тәжірибе алмасу мақсатындағы фестиваль қорытындысында сөз алған Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ-дың филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, докторант Қайырбекова Аида Құрманғазықызы, ұлағатты ұстаз Абдиров Жұмагелді Дәулетбекұлы және тағы да басқа қонақтар тарапынан жоғары баға берілді.