Бастауыш сынып жас педагогтеріне арналған облыстық семинар
19-10-2023 17:38
Бастауыш сынып жас педагогтеріне арналған облыстық семинар

      2023 жылдың 19 қазанында Қарағанды ​​облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы бастауыш сынып мұғалімдері Ассоциациясының жоспарына сәйкес Қарағанды ​​облысының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Медиасауаттылық – теориядан практикаға» тақырыбында семинар болып өтті.  

Әдебиеттік оқу сабақтарында функционалдық сауаттылықты ойын арқылы арттыруға болатынын Балқаш қаласы «№4 орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Г.Т.Сіргебаева бөлісті.

Сағадатова Т.Қ. – Балқаш қаласындағы «әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі оқу сауаттылығын дамыту үшін мәтіннің әр түрімен жұмыс жасау жолдары бойынша тәжірибе алмасты.

Жолдасбекова М.М. – «Ы.Алтынсарин атындағы №25 орта мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі математикалық сауаттылықты арттыруға арналған есептерді шығарудың тиімді жолдарын атап өтті.

Қашымбекова Р.Қ. – Балқаш қаласындағы «№9 орта мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі математикалық сауаттылықты арттыруға арналған тапсырмалардан мысалдар келтірді.