Размер шрифта:
«Жаһандық құзыреттер» курсы аясында ШЕБЕРЛІК СЫНЫПТАР
19-10-2023 08:16
 «Жаһандық құзыреттер» курсы аясында  ШЕБЕРЛІК СЫНЫПТАР

      2023 жылдың 19 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен және Абай ауданы білім бөлімімен қалалық/аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, білім беру ұйымдарының директорларына, директорлардың орынбасарларына, педагогтерге «Жаһандық құзыреттер» курсы аясында шеберлік сыныптар өткізілді. Барлығы 108 педагог қатысты.

Семинар барысында курстың мазмұны, оқыту әдістері мен нысандары қаралып, Абай ауданының келесі педагогтері өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:

Шпагина Ольга Ивановна, Абай ауданы «Ш.Уалиханов атындағы мектеп-лицейі» КММ «Жаһандық құзыреттер» курсының және биология пәнінің мұғалімі

Галимова Лариса Сергеевна, Абай ауданы «А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназия» КММ «Жаһандық құзыреттер» курсының мұғалімі.