Размер шрифта:
Мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының педагог-психологтарының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы
20-10-2023 17:01
Мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының педагог-психологтарының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы

      2023 жылдың 20 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023-2024 оқу жылындағы білім беру үрдісінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету мақсатында мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының педагог-психологтарының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысын өткізді.

Отырыс барысында педагог-психологтың қызметін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру, құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы педагог-психологтың рөлі, білім беру ұйымдарындағы ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметі тақырыптарында мәселелер қаралды.

Сондай-ақ, 2023-2024 оқу жылына арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының педагог-психологтарының облыстық әдістемелік бірлестігі қызметінің перспективалық бағыттары қарастырылды.