Размер шрифта:
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «ЛОГИКА КҮНІ» шеберлік сыныбы
20-10-2023 17:06
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған  «ЛОГИКА КҮНІ» шеберлік сыныбы

      Қарағанды ​​облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  2023 жылдың қазан айынан бастап «Логика күні» жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда. Жобаның ережесі мен шеберлік сабақ кестесі бекітілді. Жобаны жүзеге асыруды үйлестіру мақсатында шығармашылық топ мүшелері анықталды. 20 қазан күні педагогикалық тәжірибе алмасу,бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында мақсатында облыс мұғалімдеріне шеберлік сабақтары өткізілді.

        Өткізілген шеберлік сабақтар:

  1. Ганушкова Светлана Вильгельмовна, Бұқар жырау ауданы №12 тірек мектебі ресурстық орталығының бастауыш сынып мұғалімі.
  2. Чуйкина Наталья Петровна, №12 тірек мектебі ресурстық орталығының бастауыш сынып мұғалімі, Бұқар жырау ауданы.
  3. Шенгиспаева Айгуль Укубасовна, С.Торайғыров атындағы тірек мектебі ресурстық орталығының бастауыш сынып мұғалімі, Бұқар жырау ауданы.
  4. Кожекпаева Наталья Сагибовна, Көкпекті орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Бұқар жырау ауданы.