Размер шрифта:
Облыстық «Book Slam» оқыған кітабын насихаттау бойынша үздік жарнамалық бейнебаян байқауы
20-10-2023 08:18
Облыстық «Book Slam»  оқыған кітабын насихаттау бойынша үздік жарнамалық бейнебаян байқауы

Артық ғылым кітапта,

Ерінбе оқып көруге.

Абай.

 

      2023 жылдың 20 қазанында Қарағанды ​​облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының кешенді іс шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында  және Шахтинск технологиялық колледжінің 60 жылдығына арналып колледж студенттері арасында облыстық  «Book Slam»  оқыған кітабын насихаттау бойынша үздік жарнамалық бейнебаян байқауы өткізілді. Байқау «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК, «Шахтинск технологиялық колледжі»КМҚК-нің ұйымдастыруымен онлайн форматта өтті.

 «Өзімдегі барлық жақсылықтар үшін кітаптарға қарыздармын» тақырыбындаСаттыбаева Алия Рахимбековна,«Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК директоры алғы сөз сөйлеп, байқауға қатысқан студенттерге, кітапхана меңгерушілері мен кітапханашыларға жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ұйымдастарушылардың жетекшілігімен құрылған тәуелсіз әділқазылар

байқауға ұсынылған бейнебаяндарды тиянақты қарап, қорытындысын шығарды.

«Мәдениеттің мәйегі - кітап»  тақырыбында«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскеріБаймаганбетова Турсын Мукановнасөз алып, әділқазылар алқасының жұмысы туралы айтып өтті, байқау қорытындысын жариялады.

Байқау қорытындысы бойынша, жеңімпаздар анықталды:

1 орын – Селиванов  Александр Анатольевич, «Қарағанды технико-құрылыс колледжі» КМҚК;

2 орын – Кудайгенов Алишер Бауыржанович, Зимницкий Амир Валерьевич «Қарағанды  агротехникалық колледжі»КМҚК;

3 орын – Макашев  Науан Гафуевич, Рахимжанова Еркеназ Куанышевна, «Тәттімбет атындаға Қарағанды өнер колледжі» КМҚК;

Іс шара барысында жеңімпаздардың бейнебаяндары көрсетілді.