Размер шрифта:
IT саласы бойынша педагогтер арасындағы кәсіби шеберліктің өңірлік конкурсы
20-10-2023 17:20
IT саласы бойынша  педагогтер арасындағы   кәсіби шеберліктің өңірлік  конкурсы

      2023 жылдың 20 қазанында Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжімен және Қарағанды жоғары политехникалық колледжімен бірлесіп  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы   IT саласы бойынша кәсіби шеберліктің өңірлік  конкурсын өткізді.

Байқаудың мақсаты - IT саласы бойынша ТжКОБ  ұйымдарының талантты, дарынды,  шығармашылық педагогтерін  анықтау және  қолдау.

Байқау бірнеше кезеңде өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар кәсіби дағдыларын көрсетті.

Байқауға 15  педагог қатысты. Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

«WEB әзірлеу»  құзыреті бойынша:

1 орын -Акедилова Нагима Куанышевна, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер  оқытушысы;

2 орын - Серикбеккызы Жазира, «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі»  КМҚК арнайы пәндер оқытушысы;

3 орын - Мукашева Жазира Султановна, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы.

«Желілік және жүйелік әкімшілендіру»құзыреті бойынша:

1 орын -Бубнов Андрей Валерьевич,  «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы;

2 орын - Алтай Қосқанат, «Қарағанды теміржол колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы;

3 орын -Таукеев Досым Сейтказыевич, «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі»  КМҚК арнайы пәндер оқытушысы.

 «Графикалық дизайн» құзыреті бойынша:

1 орын - Кемелбеков Думан Далабаевич,  «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі»  КМҚК арнайы пәндер оқытушысы;

2 орын -  Курлаева Елена Владимировна, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК  арнайы пәндер оқытушысы;

3  орын  -  Саденова Жадыра  Манатбековна, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ арнайы пәндер оқытушысы.

Аймақтық кезеңде 1 орын алған Конкурсант  IT саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы республикалық кәсіби шеберлік конкурсына қатысуға құқылы.

Қатысушылар  Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды.