Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2023 жылдың 20 қазан күні «Құндылықтарға негізделген білім беру моделін оқу-тәрбие үрдісінде қолдану» тақырыбында офлайн режимінде облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: «Ресурстық орталықтың магниттік шағын жинақты мектептердің білім сапасын арттыруда тірек мектебінің жұмысын ұйымдастырудағы Күләш Байсейітова атындағы тірек мектебінің (Ресурстық орталық) тәжірибесі. Ауыл мектептерінің білім сапасын арттыру жолдары».
Іс – шараға әдістемелік кабинет меңгерушілері, әдіскерлер, Ресурстық орталықтар мен шағын жинақталған мектеп директорлары, тәжірибелі ұстаздар қатысты.
Облыстық семинарға қатысушылар талқылаған басты сұрақ – ауыл мектептерінің білім сапасын арттыру. Техника ғылымдарының кандидаты, профессор С.С.Контаев «Қазақстан халқына қоры» демеушілігімен ауылдық жердегі тірек мектебінің (Ресурстық орталықтың) әлеуетін көтеру мәселесіне сәйкес құндылықтарға бағытталған мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын атап өтті. Семинарда Ресурстық орталықтың директоры К.А.Амралинаның басшылығымен ұстаздар әдістемелік және қосымша білім беру алаңдарының жұмысы, құндылықтарға негізделген білім беру моделін оқу-тәрбие үрдісінде қолдану ерекшеліктерімен және «Агросынып» зертханасы жұмыстарымен таныстырды. Ресурстық орталық ұжымы ұсынған шеберлік сыныптары мен функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған агросынып жобасы бойынша «Мұғалім-ата-ана-оқушы» бірлігінің жұмыстары қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды.
Семинар жұмысын қорытындылаған дөңгелек үстел аясында «Құндылықтар негізінде тұлғаның дамуына және кәсіби қалыптасуына бағытталған тірек мектебінің жұмысы», «Шағын жинақты мектептердегі біріктірілген сыныптарда оқу процесін ұйымдастырудың әдіс - тәсілдері», «Ресурстық орталықтың магниттік шағын жинақты мектептермен бірлескен жұмыстардың ұйымдастырылуы» тақырыптарындағы Нұра, Абай, Қарқаралы аудандарынан Аубакиров Б.Е., Жанат Исламбек, Кашкымбекова Т.К. іс-тәжірибелерін ортаға салып, бірқатар маңызды сұрақтарды ашық талқылады.
Облыстық семинарға 90 педагог қатысты.