Размер шрифта:
Қарағанды облысының жас педагогтеріне арналған әдістемелік күн
23-10-2023 17:38
Қарағанды облысының жас педагогтеріне арналған әдістемелік күн

      2023 жылдың 23 қазанында  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Информатика» пәнінің  жас педагогтеріне арналған әдістемелік күн өтті.

Әдістемелік күн барысында келесі тақырыптар талқыланды:

  • «Қарағанды облысында инновациялық жобаларды іске асыру» - Сартаева Жансая Ахмедьяновна, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы инновациялық оқыту түрлері және электрондық білім беру бөлімінің меңгерушісі;
  • «Сабақты тиімді жоспарлау – оқушылардың сапалы білім алу кепілі» - Какенбекова Анел Асылановна,  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері;
  • «Использование игровых технологий на уроках информатики» - Колтунова Анна Валерьевна, Нұра ауданы «С.Сейфуллин атындағы ЖББМ» КММ информатика пәні мұғалімі;
  • «ТЖБ мен БЖБ тапсырмаларын құрастыру жолдары» - Кенжеғали Раушан Серікқызы, «Мағжан Жұмабаев атындағы гимназия» КММ информатика пәні мұғалімі.    

Әдістемелік күннің қорытындысы бойынша рефлексия өткізілді, онда аталған іс-шаралардың маңыздылығы мен өзектілігі атап өтілді және педагогтер өз ұсыныстарын білдірді. Барлығы 79 педагог қатысты.