2023 жылдың 24 қазанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлім іоқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарлардың облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының шеңберінде оқу-өндірістік процесті ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді.
Отырысқа облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдары директорларының 8 орынбасары қатысты.
Отырыс барысында келесі мәселелер талқыланды: колледждердің оқу-өндірістік жұмысын ұйымдастырудағы проблемалық аймақтарды анықтау; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары директорларының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған оқу-әдістемелік құрал шығару; дуальды оқытуды іске асыратын колледждердің тәжірибе алмасу бойынша облыстық семинар өткізуді талқылау.
Талқылау барысында әр қатысушы өз тәжірибесімен бөлісіп, өз ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында жұмыс тобының мүшелерінің жоғарыда айтылған сұрақтар бойынша нақты ұсыныстар беру мерзімдері анықталып, шешімдер қабылданды.