Размер шрифта:
Облыс колледждерінің жас әдіскерлерін оқытудың екінші кезеңі басталды
26-10-2023 12:55
Облыс колледждерінің жас әдіскерлерін оқытудың екінші кезеңі басталды

      2023 жылдың 26 қазанында облыс колледждерінің жас әдіскерлеріне арналған «Жас әдіскер мектебі» шеңберіндегі «Жас әдіскерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбы бойынша ай сайынғы оқытудың екінші кезеңі басталды.

«Жас әдіскер мектебі» аясындағы алғашқы іс-шара жас маманның өзінің одан әрі кәсіби өсуін жобалауға, теориялық және практикалық білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын жетілдіруге қажеттілігін қалыптастыру мақсатында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы әдіскерінің қызметін жетілдіру» тақырыбында семинар түрінде өтті.

Бекітілген бағдарламаға сәйкес тәжірибелі педагогтер тыңдаушыларға тақырыптар ұсынды:

  1. «Қарағанды облысы колледждерінің жас әдіскерлерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту», Нартова Т.Г., «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК директорының орынбасары;
  2. «Педагогикалық сұраныстар мен әдістемелік қиындықтарды анықтау үшін әдіскерлерге сауалнама жүргізу», Козлова Е.О., «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК педагог-психологы;
  3. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы әдіскерінің қызметін жетілдіру», Кашина Е.А., «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК әдіскері, әдіскерлердің облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы;
  4. «Озық педагогикалық тәжірибені жалпылау», Мухамедьярова А.З., «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК білім беру мазмұнын талдау және стратегиялық дамыту бөлімінің меңгерушісі;
  5. «2023-2024 оқу жылына арналған «Жас әдіскер мектебі» шеңберінде жас әдіскерлерді оқытудың екінші кезеңінің жұмыс жоспарын талқылау», Кнашина А.А., «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің меңгерушісі.

Оқыту соңында модераторлар рефлексия жүргізді, онда тыңдаушылар қызықтырған сұрақтарға жауап алды, ұсыныстар берілді және оқытудың қорытындысы шығарылды.

Оқытуға облыс колледждерінің 16 әдіскері қатысты.