Размер шрифта:
«Таланттар марафоны» мультимедиялық байқауы
27-10-2023 17:19
«Таланттар марафоны» мультимедиялық байқауы

      2023 жылғы 27 қазанында Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды теміржол колледжімен бірлесіп ақпараттық сауаттылық апталығы аясында ZOOM платформасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Таланттар марафоны» мультимедиялық байқауын  өткізді.

Байқаудың мақсаты -цифрлық ақпаратты өңдеу, бастапқы аудио- визуалды және мультимедиялық компоненттерден бейнероликтер, презентациялар, слайд-шоу, медиафайлдар және басқа да мультимедиялық өнімдерді жасау және шығару бөлігінде іскерліктерді, дағдыларды және практикалық тәжірибені қалыптастыру.

Байқау бес номинация бойынша өтті:

1) «Бейнетүсірілім және монтаждау»;

2) «Мультипликациялық әлем»;

3) «Анимациясы бар мультимедиялық презентация»;

4) «Бейнерепортаж»;

5) «Бейнеклип».

Байқауға 31  өтінім берілді. Барлық жұмыстар тәуелсіз қазылар алқасының бағалауынан өтеді.

Байқау қорытындысы 2023  жылдың 31 қазанында жарияланады.