Размер шрифта:
«Симфония успеха» педагогикалық шеберлік конкурсының бірінші кезеңі өткізілді
27-10-2023 15:45
«Симфония успеха» педагогикалық шеберлік  конкурсының бірінші кезеңі өткізілді

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2023 жылғы 27 қазанда орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Симфония успеха» педагогикалық шеберлік байқауының «Өзін-өзі таныстыру» бірінші кезеңі өткізілді.

Байқауға орыс тілі мен әдебиетінің 16 жас педагогы қатысты. Байқауға қатысушылар 5 минут ішінде проблемаларды, міндеттер мен нәтижелерді еркін түрде тұжырымдап, өздерінің педагогикалық қызметінің негізгі идеяларын айтты. Байқаудың екінші кезеңіне өздерін және педагогикалық имиджін лайықты көрсеткен барлық қатысушылар өтті. Қазылар алқасының мүшелері орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері Брем Елена Сергеевнаны, Вицу Маргарита Александровнаны, Сарсенбаева Айгерим Жумабайқызын, Серік Ақару Амангелдіқызын ерекше атап өтті.