Ағылшын тілі сабақтарында семантикалық оқудың әдістері мен тәсілдері тақырыбында семинар өткізілді.
26-10-2023 16:50
 Ағылшын тілі сабақтарында семантикалық оқудың әдістері мен тәсілдері тақырыбында семинар өткізілді.

Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 26 қазанында шетел тілі пәні сабақтарында оқу сауаттылығын дамыту бойынша «Ағылшын тілі сабақтарында семантикалық оқудың әдістері мен тәсілдері»тақырыбында іс тәжірбиені тарату бойынша семинар өтті.

    Семинарды Шахтинск қаласының ағылшын тілі пәні мұғалімдері өткізді.

     Семинар барысында Кудина Е.А., С.Сейфулин атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі ағылшын тілі сабақтарында семантикалық оқудың «Жаңа сөздер жинағы», «Кілтті сөзді тап», «Домино» әдістері мен тәсілдері арқылы тәжірбиесімен бөліссе, Шарипова Ж.А., Е.А.Букетов атындағы жалпы білім беретін мектеп мұғалімі мәтін таңдау және тапсырмалар әзірлеу бойынша тәжірбиесімен алмасып құнды пікірлерімен бөлісті. 

Семинар сабақты зерттеу бойынша кері байланыстар, ұсынымдар беріліп қортындылаумен аяқталды.