Размер шрифта:
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Логикалық ойлауды қалай дамытуға болады - Әдістер, Тапсырмалар және Ойындар» тақырыбында Күзгі мектеп
30-10-2023 18:26
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Логикалық ойлауды қалай дамытуға болады - Әдістер, Тапсырмалар және Ойындар» тақырыбында Күзгі мектеп

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылдың 30 қазаны күні Күзгі мектеп жұмысы аясында «Логика күні» облыстық жобасы бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Логикалық ойлауды қалай дамытуға болады - Әдістер, Тапсырмалар және Ойындар» тақырыбында шеберлік сабақтар өткізілді.

Облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері логикалық, шығармашылық тапсырмаларды құрастыру және оны шешу жолдарын тәжірибе алаңында ұсынды:

Илимбаева Асем Батталовна, Саран қаласы «№6 орта мектеп» КММ.

Ибраева Лайла Толеповна, Балқаш қаласы, «№5 орта мектеп» КММ.

Есмаганбетова Жаксыгул Толеубаевна, Ақтоғай ауданы «Қызыларай жалпы білім беретін мектеп» КММ.

Қашқынбаева Назгүл Шалгынбаевна, Карабалина Маржан Куанышовна, Ахметова Айгерім Серикхановна, Балқаш қаласы, «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназия» КММ.

             Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар шағын олимпиадаға қатысты.