Арнайы мектеп-интернаттардың педагог-дефектологтарына, психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеттерінің әдіскерлеріне, инклюзивті білім беруді іске асыратын жалпы білім беретін мектептердің педагогтері үшін «№2 арнайы мектеп-интернат» КММ базасында.
2023 жылдың 27 қазанында Қарағанды облысы білім басқармасының «№2 арнайы мектеп-интернат» КММ базасында арнайы мектеп-интернаттардың, оңалту орталықтарының, психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеттерінің педагогтері үшін бала мүддесінде мектеп пен отбасының бірлескен жұмысының оңтайлы нысандарын іздеуде, педагогтердің тәжірибесін жинақтау және тарату мақсатында «Отбасы және мектеп - диалогтан серіктестікке» жобасын іске асыру шеңберінде «Отбасы және мектеп - тәрбиедегі серіктестер» облыстық практикалық форумын өткізді.
Форум «Идеялар практикасы» коммуникативтік алаң түрінде өткізіліп, ұйымдастырушылық, ақпараттық, тәжірибелік, аналитикалық-рефлексивті бөлімдерден тұрды.
Ата-аналар мен форум қонақтарына мектеп-интернат педагогтері практикалық сабақтар, воркшоптар өткізіп, шығармашылық шеберханалар, аспаздық шеберхана, театрландырылған қойылым жұмыстарын ұсынды.
Соңында тәрбиеленушілердің қатысуымен музыкалық концерт ұйымдастырды.