Размер шрифта:
«Хакатон - бағдарламалау марафоны» облыстық байқауы
26-10-2023 11:05
«Хакатон - бағдарламалау марафоны» облыстық байқауы

2023 жылдың 26  қазанында Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  Қарағанды жоғары политехникалық колледжімен   бірлесіп  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары  арасында «Хакатон - бағдарламалау марафоны»  облыстық байқауын  өткізді.

Байқаудың мақсаты командада жұмыс істеуге қабілетті, ақпараттық технологиялар, дизайн, әкімшілендіру және цифрлық жобаларды басқару салаларында өнімдер мен сервистер құру бойынша талантты, перспективті педагогтерді  іздеу, дамыту және қолдау.

Оқытушылардың  қаладағы ауа сапасын бағалау және бақылау үшін веб-сайт жасау қажет болды.

Бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін байқауға қатысушылар өз жұмыстарын қазылар алқасының алдында таныстырды. Өз идеяларын қорғап, негіздеді.

Оқытушылардың  жұмыстары субъективті және техникалық критерийлер бойынша бағаланды.

Өз жобаларында функционалдылықты, өзектілікті пайдаланған және мәлімделген тақырып бойынша өздерінің шешендік қабілеттерін көрсеткен командалар ерекшеленді.

Байқау қорытындысы бойынша «Үздік цифрлық трансформация номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1 орын – Бәдел Айтолқын, «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КМК оқытушысы, Кантарбекова Меруерт Меиржановна,  «Қарағанды көлік – технологиялық колледжі» КМҚК  оқытушысы,  Ғибадатқызы Нұрай, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ инновациялық технологиялар колледжі оқытушысы;

2 орын – Абдибеков Ансат Есенжолұлы, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы,Шалганбай Гауһар Жанапияқызы, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы,Серіков Сағи Серікұлы,  «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КМҚК оқытушысы;

3 орын – Буркитбаев Абылай Муратович, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК оқытушысы, Кожагулова Аяулым Саятовна,  «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» оқытушысы,Мамбетов Санат Куантаевич, «Қарағанды  технология және сервис колледжі»оқытушысы.

Жалпы қамту 15 педагогты құрады.

Қатысушылар  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды.