«Хакатон-бағдарламалау марафоны» облыстық байқауы
24-10-2023 12:16
«Хакатон-бағдарламалау марафоны» облыстық байқауы

2023 жылдың 24   қазанында Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  Қарағанды «Bolashaq»  жоғары  колледжімен   бірлесіп техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Хакатон - бағдарламалау марафоны»  облыстық байқауын  өткізді.

Байқаудың мақсаты топта жұмыс істеуге қабілетті, цифрлық жобалары мен деректерін басқару, ақпараттық технологиялар, дизайн салаларында өнімдер мен сервистер жасау бойынша талантты, болашағы зор студенттерді іздеу, дамыту және қолдау болып табылады.

Студенттердің жұмысы еркін тақырыпта, бірақ тапсырмалардың белгілі бір жағдайлары бойынша жүзеге асырылды.

Бірінші тапсырма бойынша командалар сайттың дизайнын дайындады, ол қатаң және жұмсақ түстерде сақталуы керек еді.

Екінші тапсырма бойынша командалар сайттың функционалдығын пайдаланушыларға қазақ және орыс тілдерінде ақпарат беру мүмкіндігімен қамтамасыз етуі қажет болды.

Студенттердің жұмыстары субъективті және техникалық критерийлер бойынша бағаланды. Өз жобаларында функционалдылықты, өзектілікті пайдаланған және мәлімделген тақырып бойынша өздерінің шешендік қабілеттерін көрсеткен командалар ерекшеленді.

Байқау қорытындысы бойынша «Full-stack Developer» номинациясының жеңімпаздары анықталды:

1 орын –  Левченко Виктория Евгеньевна, Рупенко Илья Яковлевич, Камалдинов Евгений Анатольевич, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК студенттері, жетекшісіШотаев Жанабек Талгатович;

2 орын – Морозов Максим Евгеньевич, Ерофеев Филипп Николаевич, Дубов Владислав Сергеевич, «Ж.Қ. Букенов атындағы Қарағанды  банк колледжі» ЖММ студенттері, жетекшісі Жараспаева Зульфия Юсуповна;

3 орын –  Акишев Дарын, Бахытұлы Мади, Абаев Нұрали,  «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚКстуденттері, жетекшісіМадиева Келбет Кудайбергенкызы.

«Үздік спикер» номинациясы  -  Русинова Милена, Левчик Данил, Абдрахманов Нурали,  «Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚКстуденттері, жетекшісіАхметжанова Гулнар Сайлаухановна.

«Үздік Landing» номинациясы  - Филин Леонид, Хорошев Никита, Назаренко Вадим, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ инновациялық технологиялар колледжі,  студенттері, жетекшісіВанфутян Людмила Станиславовна.

«Конструктордағы үздік сайт» номинациясы  - Трубачев Иван Владимирович, «Теміртау техникалық колледжі»  студенттері, жетекшісі  Едилхан Сымбат Едилхановна.

«Үздік usability» номинациясы  - Сушков Алексей Александрович, Бергер Виталий Александрович, Алексеев Данил Александрович, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚКстуденттері, жетекшісіЕрофеева Марина Александровна.

Қатысушылар  Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды.