Размер шрифта:
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар үшін оқу-тәрбие процесін даралау» облыстық семинар-практикум
01-11-2023 16:14
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар үшін оқу-тәрбие процесін даралау» облыстық семинар-практикум

1 қарашада Қарағанды қаласының «№27 ЖББМ» КММ инклюзивті білім беруді дамытудың облыстық ресурстық орталығының базасында жалпы білім беретін мектептер директорларының орынбасарлары мен педагогтері үшін «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар үшін оқу-тәрбие процесін даралау» семинар-практикумы өткізілді.
Топтық сабақтар барысында ресурстық орталықтың мамандары мен педагогтері мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған оқу бағдарламаларын бейімдеу және іске асыру тәртібі, зияты бұзылған балаларға арналған жеке бағдарламалар жасау технологиялары туралы жете  түсіндірді. Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды үйде оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері қарастырылды.
Іс-шара соңында қатысушылар №27 ЖББМ  іске асырылатын әлеуметтік-педагогикалық жобалармен танысты.
Іс-шараға облыс мектептерінен барлығы 125 педагог қатысты.