Размер шрифта:
«Үздік әдіскер- 2023» облыстық байқауы
01-11-2023 16:40
«Үздік әдіскер- 2023» облыстық байқауы

2023 жылдың 01 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру» аясында «Үздік әдіскер- 2023» облыстық байқауын өткізді.

Әдістемелік кабинеттердің әдіскерлерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру,педагог мамандығының мәртебесін көтеру мақсатында облыстық «Үздік әдіскер» байқауы биыл екінші рет өткізілді.

Байқаудың І бөлімінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру» бойынша көрме ұйымдастырылды. Көрмеде құндылықтарға негізделген әдістемелік өнімдер, әдістемелік–квест, сурет көрмесі, «Әжемнің ертегесі»,«Зерек» жобалары аясында кинезиологиялық жаттығулармен толықтырылған заманауи үлгідегі ұлттық «Ханталапай» ойыны, «Бір отбасы - бір кітап» акциясы, «Асыл сөзді іздесең...» бұрышы, таратпа материалдар, отбасы құндылықтарына негізделген «Физика және 3D бағдарламасы» негізінде 7-9 сыныптарға арналған физикалық эксперименттер көрсетілді. Кәсіби бағдар бойынша пед. сынып, мед. сынып жобаларының көрмелері қойылды.

ІІ бөлімдеаудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинетінің әдіскерлерінің байқауына ұласты. Байқауға қатысушы әдіскерлер3 тапсырма орындады: «Даңқ минуты», «Ашық микрофон», «Авторлық әзірлеме».

Байқауға қатысып, жеңіске жеткен әдіскерлерді құттықтаймыз!

І орын - Исмайлов Сабит Болатович, Қарағанды қаласының білім бөлімінің әдіскері

ІІ орын - Адамбекова Галина Григорьевна, Шахтинск қаласының білім бөлімінің әдіскері

ІІІ орын - Смолин Николай Геннадьевич,Қарқаралы ауданының білім бөлімінің әдіскері

«Үздік үй тапсырмасы» номинациясының жеңімпазы - Мусуркепова Айжан Карибаевна, Шет ауданының білім бөлімінің әдіскері

«Үздік авторлық бағдарлама» номинациясының жеңімпазы - Нуржанова Алима Жаксылыковна, Теміртау қаласының білім бөлімінің әдіскері

«Көрермендер көзайымы» номинациясының жеңімпазы - Шораева Гульдана Муратовна, Осакаров ауданының білім бөлімінің әдіскері