"RoboLand 2023" фестивалінің екінші соңғы күні ашылу күнінен кем емес қызықты және әсерлі болды. Қазақстан мен таяу шет елдердің командалары 12 номинация бойынша үздік атағы үшін таласты.
Нәтижесінде жарыс категориялары бойынша жеңімпаздар атанды:
- "Шынайыәлемдегі STEM технологиясы"-Қарағанды қаласы,"Дарын" мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты;
- "Roboland - Kazakhstan" - Ақтау қаласы, Ф. Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектеп;
- "Роботтармен Шоу" -"Ақпараттық технологиялар" мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, Қарағанды қ.;
- "Шығармашылық категория (Level3)"- Цминк "КВАНТОРИУМ", Нижний Новгород қ., РФ;
- "Сумо" - Ақтау қаласы, Ф. Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектеп;
- "Робогеометрия (Level1)" - "Roboschool" оқушыларының ғылыми қоғамы, Ташкент қ., Өзбекстан;
- "Робогеометрия (Level2)" - Шахтинск қ. оқушылар сарайы;
- "Су роботтарының лабиринті" - Р. Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп, Нұра ауданы;
- "Биатлон" - Меновновка орта мектебі, Өскемен қ.;
- "3D прототиптеу (Level1)"- №12 тірек мектебі (ресурстық орталық), Осакаров ауданы;
- "3D прототиптеу (Level2)"- №20 мектеп-лицей, Теміртау қ.;
- "Кедергілер жолағы" - "Кодинг" ЖШҚ, Серов қ., РФ.
Осылайша, "RoboLand 2023" Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінің жалпы командалық есебінде Қарағанды облысының құрамасы тағы да сенімді жеңіске жетті. Екінші орында – Өзбекстан құрамасының командасы. Үшінші орынды Маңғыстау облысының өкілдері иеленді.
Барлық жеңімпаздар лауреат дипломдарын, естелік медальдарды және жаңа заманауи смартфондарды алды. Іс-шараның бас демеушісі қазақстандық AITAS холдингі болды.