Размер шрифта:
2016 жылдың 11 наурызында Облыстық бейнелеу өнері мұражайының базасында «Өнерлі шебер» IV Облыстық шығармашылық практикум мастер-класс өтті.
11-03-2016 12:06
2016 жылдың 11 наурызында Облыстық бейнелеу өнері мұражайының базасында «Өнерлі шебер» IV Облыстық шығармашылық практикум мастер-класс өтті.

         Балалар сурет мектептерінің және өнер мектептерінің бөлімдері педагогтарының облыстық әдістемелік бірлестігінің қызметі аясында 2016 жылдың 11 наурызында Облыстық бейнелеу өнері мұражайының базасында Қазақстан Республикасының суретшілер одағының, ҚР мәдениетінің еңбегі сіңген қайраткері, ҚР суретшілер Академиясының тілші-мүшесі, Қытай Шығыс Халықаралық көркемөнер институтының Құрметті Профессоры А.К. Бегалиннің қатысуымен «Өнерлі шебер»IVОблыстық шығармашылық практикум мастер-класс өтті.  

         Мастер-класс жұмысына Қаражал, Жезқазған, Саран, Теміртау, Шахтинск, Қарағанды қалаларынан, Қарқаралы, Ақтоғай, Бұқар жырау, Абай, Осакаровка аудандарынан 87 педагог қатысты.