«Мектепке дейінгі тәрбие» құзреттілігі бойынша «Worldskills Kazakhstan -2016» аймақаралық чемпионаты
14-03-2016 12:02
«Мектепке дейінгі тәрбие» құзреттілігі бойынша «Worldskills Kazakhstan -2016» аймақаралық чемпионаты

     2016 жылдың 14 наурызында Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінің базасында  «Worldskills.Kazahstan-16» аймақтық чемпионаты өтті.

    Чемпионат тұңғыш рет «Мектепке дейінгі тәрбие» құзіреттілігі бойынша өткізілді. Байқауға аталмыш біліктілік бойынша мамандар дайындайтын облыстың 7 колледжі қатысты. Байқауға қатысушылар 5 модуль бойынша сынақтардан өтті.

    Модуль  1 - қолданбалы-сәндік өнер, аппликация;

    Модуль 2 -  дидактикалық ойын немесе ертегілік қойылым;

    Модуль 3 -  мәнерлеп оқу немесе қимыл-қозғалыс ойыны

    Модуль 4 - Үй тапсырмасының презетациясы (МДББМ-де ата-аналар жиналысы немесе дене шынықтыру сабақтарын өткізу);

    Модуль 5 - Үй тапсырмасының презетациясы (заттық-дамытушылық ортасының  презентациясы).

     Сарапшылар ретінде балабақша, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының өкілдері қатысты. Объективті төрелік нәтижесінде жеңімпаздар анықталды:

     1 орын – Тогтосанқызы Жансая  «Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі», жетекшісі Бангевиц Людмила Ивановна педагогика пәнінің оқытушысы.

     2 орын – Момынбекова Жулдыз Даулетбековна «Қарағанды гуманитарлық колледжі», жетекшісі Петрова Татьяна Александровна.

     3 орын – Умиржанова Акнур «Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі», жетекшісі Сыйырбаева Зейнегуль.