Размер шрифта:
Әлеуметтік педагогтеріне арналған тренинг
08-11-2023 11:11
Әлеуметтік педагогтеріне арналған тренинг

2023 жылдың 08 қарашасындаҚарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Білім беру ұйымдарында қорқытудың, келеңсіздіктің алдын алу бойынша әлеуметтік педагогтің жұмысындағы кейс-менеджмент» жалпы білім беретін ұйымдарының жасәлеуметтік педагогтеріне қазақ жәнеорыс тілінде тренинг өткізілді.

Тренинг барысында қатысушылар стигматизация ұғымы мен механизмдерін қарастырып, оның алдын алу бойынша жаттығулар орындады. Топтық жұмыстың нәтижесінде мектеп ішіндегі буллинг жағдайларының алдын алу бойынша ситуациялық кейстер қарастырды.

Тренингті психология саласындағы әлеуметтік ғылымдар магистрі, «Дара» қайырымдылық қоры «Тәлімгерлер» жобасының психологі, «Smart Ustaz» жобасының тренері Л. У. Есназарова, «Қалалық бірінші медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы» ЖШС психологі, «Smart Ustaz» жобасының тренері Т.В. Таганова өткізді.