Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы, мұғалімдер қауымдастығы 2023 жылғы 9 қарашада жас педагогтар үшін «Замануи мектептегі орыс тілі мен әдебиеті сабақтарындағы АКТ технологиялары» тақырыбында семинар өткізді. «Н. Нұрмақов атындағы ММЛИ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қарағанды облысының орыс тілі мен әдебиеті қауымдастығының төрағасы, Цемох С.М. «World Art бағдарламасымен «Сөз бұлты» оқу материалын визуализациялау әдісі ретінде пайдалану» деген тақырыпта сөз сөйледі. Старкова Галина Анатольевна, Теміртау қаласы білім бөлімінің «№1 гимназиясы» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог – сарапшысы, «Буктрейлер шығарманы түсіндірудің заманауи тәсілі ретінде» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесі туралы айтып берді, Подкорытова Валентина Михайловна Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласының білім бөлімінің «№24 ЖББОМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, «Орыс тілі сабақтарында сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін дамыту құралы ретінде электрондық лэпбукті құрастыру және қолдану» тақырыбы бойынша жұмысының құпияларын ашты.
Темірғалиева Бақыт Жұмабайқызы. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының «Ботақара жалпы білім беретін мектебі» КММ, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, оқушылардың білім деңгейін бағалау үшін АКТ қолдану туралы айтып берді.