«Цифрлық техника» және «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандықтары бойынша облыстық кәсіби шеберлік байқауы
10-11-2023 16:39
«Цифрлық техника»  және  «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандықтары бойынша облыстық кәсіби шеберлік байқауы

2023 жылдың  10 қарашасындаҚарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік  орталығы  Шахтинск технологиялық колледжімен  бірлесіп,   «Цифрлық техника» және «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының  оқытушылары  мен өндірістік оқыту шеберлері арасындағы облыстық кәсіби шеберлік байқауын

өткізді.

Байқаудың мақсаты инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату және ТжКОББ жүйесінің арнайы пәндер оқытушыларының және өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби және педагогикалық шеберлігін арттыру болып табылады.

Байқауға 6  педагог қатысты.

Барлық модульдер белгілі бір критерийлер бойынша бағаланды, бұл конкурс  қатысушыларының нәтижелерін ашық бақылауға мүмкіндік берді. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

1 орын - Блок Вячеслав Викторович,  «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚКарнайы пәндер оқытушысы;

2 орын - Жаксылык Жайна Едилкызы,  «Қарағанды  технология және сервис колледжі»  КМҚК арнайы пәндер оқытушысы;

3 орын -  Салихов Наиль Халимович, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері.

Қатысушылар  Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды.