Размер шрифта:
«Медиа білім беру және журналистика»
14-11-2023 10:04
«Медиа білім беру және журналистика»

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2023 жыл 14 қараша күні  ZOOM платформасында қала, аудан және мамандандырылған мектеп-интернаттарының педагогтері мен болашақта журналист мамандығын  таңдап отырған 10-11 сынып оқушылары үшін «Медиа білім беру және журналистика» тақырыбында нетворкинг өткізілді.

Іс-шара барысында әдіскер Г.Б.Жаркеева базалық медиа және педагогтардың ақпараттық құзіреті туралы мәлімдеме жасап, болашақта тәжірибеге енгізілетін «Медиасынып» жобасының таныстырылымын көрсетті. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті филология факультетінің журналистика кафедрасының аға оқытушысы, әлеуметтік ғылымдар магистрі Сиязбаев Нұртілеу Кәкенұлы заманауи білім беру  үдерісіндегі журналистика жайлы, жалпы медиасауаттылық туралы ойларымен бөлісіп, құнды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, Ақтоғай ауданы Күләш Байсейітова атындағы тірек мектебі (РО) КММ директорының  ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасары, информатика пәні мұғалімі Қабыхан Аңсаған Дәуренбекұлы жетекшілік ететін арнайы жабдықталған «КБМ телестудиясы», «Мектеп радиосы» жұмыстарын, аталмыш мектептің мұғалімі Ермекова Палмара Арынханкызы жетекшілік ететін «Актерлік шеберлік» жобасы мен «Жас тілші» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарын көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті.

          Іс-шараға барлығы 60-қа жуық облыс педагогтері қатысты.