«Тұмар» қыздар клубы жобасы аясында «Қыз бала – ұлттың ұясы» тақыбындағы тренинг
14-11-2023 09:08
«Тұмар» қыздар клубы жобасы аясында  «Қыз бала – ұлттың ұясы» тақыбындағы тренинг

      2023 жылдың 14 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен тәлімгерлер, педагог-психологтердің қатысуымен «Тұмар» қыздар клубы жобасы аясында«Қыз бала – ұлттың ұясы» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренингке Алтынбекова Асель Жапатаевна,«Озат» ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ директордың ТЖ орынбасары және педагог-психолог Айымбетова Марина Аликуловна; Омарова Өнер Берикбаевна, Қарағанды қаласының «№12 жалпы білім беретін мектебі» КММ директордың ТЖ орынбасары және педагог-психологАубакирова Асель Курмашевна;Нұржанова Перизат Нұржановна, Бұқар жырау ауданының «Үштөбе жалпы білім беретін мектебі» КММ биология пәнінің мұғалімі іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Тренинг барысында қыздар клубы жобасының жұмыстары, қыз баланың отбасындағы, қоғамдық ортадағы тәрбиесі жөніндегі мәселелер қаралды.